«Кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 13 мамырдағы № 276 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің Бұйрық жобасына баспасөз релизі

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 1-тармағына сәйкес «Кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 13 мамырдағы № 276 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – Бұйрық) әзірленді.

Бұйрықты қабылдаудың мақсаты «Ұйымдарды және сынақ зертханаларын техникалық куәландырудан өткізу» мемлекеттік қызметін көрсетудің тәртібін Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген өзгерістерге сәйкес келтіру болып табылады.

Бұйрық 2020 жылғы 10 қарашада «e-gov» ашық нормативтік құқықтық актiлердің интернет-порталында орналастырылған (https://legalacts.egov. kz/arm/admin/viewcard?id=2056078).

Жарияланған күні

13 қараша 2020

Жаңарту күні

13 қараша 2020