2019 жылғы III тоқсанда Министрлікке келіп түскен заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарауға қатысты есеп

Есептік кезеңде Министрлікке2659өтініш келіп түсті: арыз –1768; шағым –239; ұсыныс, үн қосу және сұрау салулар –652.

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен –146өтініш (жеке және заңды  тұлғалар);

Қазақстан Республикасы Премьер-Министірінің Кеңсесінен –286өтініш (жеке және заңды тұлғалар);

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісінен –105өтініш (жеке және заңды тұлғалар) келіп түсті.

«Электронды үкімет» порталы арқылы922өтініш қаралды, бұл жалпы өтініштердің34% құрады.

Келіп түскен өтініштер көтеріліп отырған мәселелердің сипатына қарай мынадай топтарға бөлінеді:

- тұрғын үй құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері –597;

- өнеркәсіп индустриясы және қауіпсіздігі, экспортты ілгерілету мәселелері –607;

  •  автомобиль,  теміржол  көліктері  және  көліктік  бақылау  мәселелері –446;
  •  жер қойнауын пайдалану және оған қатысты заңнаманы түсіндіру туралы –214;
  •  азаматтық авиация және ұшу қауіпсіздігі мәселелері –115;
  • жол құрылысы және сапасы –202;
  •  техникалық реттеу және метрология –112;
  • өзге де мәселелер (мұрағат құжаттарын беру, материалдық көмек, жұмысқа орналастыру және т.б.) –340.

Есептік кезеңде2399өтініш белгіленген мерзімде қаралды, оның ішінде жазбаша түсіндірме берілгені –1947;қанағаттандырылғаны –285; ведомстволық бағыныстыларға жіберілгені –116; автордың өтінішімен  қарау тоқтатылғаны –35;иесі бүркемеленген –16.

Министрлік басшылығымен азаматтарды жеке  қабылдауды бекітілген азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес белгіленген күні мен уақытта, айына кемінде бір рет өткізеді.

Азаматтарды қабылдау кестесі тоқсан сайын Министрліктің сайтында, «электрондық үкімет» веб-порталында және  Министрліктің «Transport Tower»  әкімшілік ғимаратының 1-қабатындағы ақпарат стендінде орналастырылады.

2019 жылдың 30 қыркүйегіне алынған мәлімет бойыншаПрезиденттің ВиртуалдыҚабылдау бөлмесіарқылы -133өтініш келіп тускен, оның ішінде орындалғаны –127,орындалуда-6.

Есепті кезеңде қабылданған азаматтардың  саны –124 құрады. Оның ішінде Министрмен қабылданғаны –34(оның 18-і «Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауында және 9-ы бейнеөтініш (оның 5-еуі онлайн- режимінде), Жауапты хатшымен –3, Вице-министрлермен –30, Комитет басшылығымен –28,Комитет төрағаларының орынбасарларымен-29адам қабылданды.

Министрлік азаматтардың өтініштеріне күнделікті мониторинг, комитеттер мен құрылымдық бөлімшелерде азаматтар өтініштерінің орындалуы бойынша ай сайын талдау жүргізеді.

Жарияланған күні

15 қазан 2019

Жаңарту күні

15 қазан 2019