2019 жылғы IV тоқсанда Министрлікке келіп түскен заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарауға қатысты есеп
Көру саны:9
Есептік кезеңде Министрлікке 3796 өтініш келіп түсті: арыз – 2496; шағым – 418; ұсыныс, үн қосу және сұрау салулар – 882.
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен – 222 өтініш (жеке және заңды тұлғалар);
Қазақстан Республикасы Премьер-Министірінің Кеңсесінен – 395 өтініш (жеке және заңды тұлғалар);
Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатынан 51 және Мәжілісінен – 169 өтініш (жеке және заңды тұлғалар) келіп түсті.
«Электронды үкімет» порталы арқылы 1310 өтініш қаралды, бұл жалпы өтініштердің 34 %-ын құрады.
Келіп түскен өтініштер көтеріліп отырған мәселелердің сипатына қарай мынадай топтарға бөлінеді:
- тұрғын үй құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері – 869;
- өнеркәсіп индустриясы және қауіпсіздігі, экспортты ілгерілету мәселелері – 865;
- автомобиль, теміржол көліктері және көліктік бақылау мәселелері – 690;
- жер қойнауын пайдалану және оған қатысты заңнаманы түсіндіру туралы – 246;
- азаматтық авиация және ұшу қауіпсіздігі мәселелері – 131;
- жол құрылысы және сапасы – 286;
- мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс мәселелері-120;
- техникалық реттеу және метрология – 112;
- өзге де мәселелер (мұрағат құжаттарын беру, материалдық көмек, жұмысқа орналастыру және т.б.) – 577.
Есептік кезеңде 3670 өтініш белгіленген мерзімде қаралды, оның ішінде жазбаша түсіндірме берілгені – 2929; қанағаттандырылғаны – 450; ведомстволық бағыныстыларға жіберілгені – 212; автордың өтінішімен қарау тоқтатылғаны – 63; иесі бүркемеленген – 16, орындалуда-126.
Министрлік басшылығымен азаматтарды жеке қабылдауды бекітілген азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес белгіленген күні мен уақытта, айына кемінде бір рет өткізеді.
Азаматтарды қабылдау кестесі тоқсан сайын Министрліктің сайтында, «электрондық үкімет» веб-порталында және Министрліктің «Transport Tower» әкімшілік ғимаратының 1-қабатындағы ақпарат стендінде орналастырылады.
2019 жылдың 31 желтоқсанына алынған мәлімет бойынша Президенттің Виртуалды Қабылдау бөлмесі арқылы -195 өтініш келіп тускен, оның ішінде орындалғаны – 193, орындалуда-2.
Есепті кезеңде Министрлік басшылығымен азаматтарды қабылдаудың бекітілген кестесіне сәйкес 157 адам қабылданды, оның ішінде –«Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауында -23,бейнеконференция байланыс режимінде -13.
Министрдің қабылдауында- 42, Жауапты хатшыда -4, бірінші вице-министр мен вице-министрлерде -37, Комитет басшылығында -37,Комитет төрағаларының орынбасарларында -37 адам қабылданды. Қабылдау барысында 6 мәселе бойынша оң шешім қабылданды және 134 мәселе бойынша түсініктеме берілді.
Министрлік азаматтардың өтініштеріне күнделікті мониторинг, комитеттер мен құрылымдық бөлімшелерде азаматтар өтініштерінің орындалуы бойынша ай сайын талдау жүргізеді.
14 қаңтар 2020
13 қаңтар 2020