ҚТӨ тізіліміне өтініш берушілерге арналған бейне нұсқаулық дайындалды
Жарияланған күні: 12 қаңтар 2026
Жаңарту күні: 12 қаңтар 2026
Көру саны:1602
«Электрондық қаржы орталығы» АҚ қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне өтініш берушілер үшін жан-жақты бейне нұсқаулық әзірледі. Онда тіркеуге өтініш беру тәртібі, сондай-ақ жеке кабинетте жұмыс істеу процестері кезең-кезеңімен егжей-тегжейлі түсіндірілген.
Нұсқаулық рәсімдердің ашықтығын арттыруға, сондай-ақ платформада жұмыс істеу барысында өтініш берушілер тарапынан туындауы мүмкін қателіктердің алдын алуға бағытталған.
Еске саламыз, қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі СТ-KZ және индустриялық сертификаттарды алмастырып, кәсіпорындардың тапсырыстарға және мемлекеттік қолдау шараларына қолжетімділігін жеңілдетеді.
Жарияланған күні
12 қаңтар 2026
Жаңарту күні
12 қаңтар 2026
Жарияланымның авторы
Түрі
Қызмет бағыты