Мемлекеттік қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға үйретті
Жарияланған күні: 20 тамыз 2018
Жаңарту күні: 20 тамыз 2018
Көру саны:21
ҚР Инвестициялар және даму министрлігіндегі жалпы құқықтық окыту бойынша «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мәселелері» тақырыбында семинар өтті.
Лекция барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің критерилері мен әдістері және талдау анықтамаларын жасау, оған қоса анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша іс-шаралар талқыланды.
Сонымен қатар, талдау жүргізу көрсеткіштерінің критерилері (бақылау-қадағалау функцияларының, қаржы қорының айналымының болуы, мемлекеттік қызмет көрсету, персоналды басқару) түсіндірілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді сапалы орындау әдістеріне баса назар аударылды.
Жарияланған күні
20 тамыз 2018
Жаңарту күні
20 тамыз 2018
Жарияланымның авторы
Түрі