Хабарландыру! ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Тимур Қарағойшин Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесу өткізеді

2023 жылғы 25 қыркүйек күні Шымкент қаласында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Тимур Қарағойшин Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесу өткізеді.

Күн тәртібінде ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің құзыретіне кіретін мәселелер.

Кездесу сағат 10.00-де «Көрме орталығының» ғимаратында өтеді (Нұрсат Мөлтек ауданы, Назарбаев даңғылы, 12).

Тұрғындар мен БАҚ өкілдерін кездесуге қатысуға шақырамыз.

Толық ақпарат үшін тел: WhatsApp +7 702 015 55 55 – Мадияр Баимбетов

Жарияланған күні

22 қыркүйек 2023

Жаңарту күні

22 қыркүйек 2023