«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРІНІҢ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІНІҢ КЕЙБІР БҰЙРЫҚТАРЫНЫҢ КҮШІ ЖОЙЫЛДЫ ДЕП ТАНУ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІНІҢ БҰЙРЫҚ ЖОБАСЫНА БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Жарияланған күні: 18 мамыр 2020
Жаңарту күні: 18 мамыр 2020
Көру саны:15
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфқұрылымдық даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
(бұдан әрі – Бұйрық) әзірленді.
Бұйрықты қабылдаудың мақсаты мемлекеттік қызметтерді көрсетудің жаңа қағидалары бекітілуіне байланысты су көлігі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану болып табылады.
Бұйрық 2020 жылғы «18» мамырда «e-gov» ашық нормативтік құқықтық актiлердің интернет-порталында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=3908841)