Мүдделі тұлғалардың бәсекелес ортаға берілетін орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындау ниеттері туралы өтінімдерін жинау туралы хабарлама

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Идустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті (бұдан әрі – Көлік комитеті) Автомобиль көлігі саласындағы кейбір функцияларды бәсекелестік ортаға беру мәселелері жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы                  29 шілдедегі № 70 бұйрығымен бекітілген Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 30-тармағына сәйкес, Көлік комитеті мүдделі тұлғалардың бәсекелес ортаға берілетін функцияларды орындау ниеттері туралы өтінімдерін жинауды жүзеге асырады.

Осыған орай Қағидалардың 31-тармағына сәйкес, мүдделі тұлғалар                30 күнтізбелік күн ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда бәсекелес ортаға берілетін функцияларды орындау ниеттері туралы өтінімдерін

Көлік комитетіне 010000, Нұр-Сұлтан қ, Қабанбай Батыр даңғылы, 32/1 мекенжайына, zh.tilegen@miid.gov.kz электрондық поштаға ұсыну қажет.

Өзін-өзі реттеу ұйымдарына беруге ұсынылатын функциялар тізбесі қоса беріледі.

Өтінімдер жинау 12.05.2020 - 13.06.2020 ж. кезеңінде жүзеге асырылады.

Өзін-өзі реттеу ұйымдарына беруге ұсынылатын функциялар тізбесі

Мүдделі тұлғалардың бәсекелес ортаға берілетін функцияларды орындау ниеттері туралы өтінімдері

Жарияланған күні

12 мамыр 2020

Жаңарту күні

12 мамыр 2020