Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті ZOOM арқылы онлайн режимінде жария тыңдаулардың болатындығын мәлімдейді
Көру саны:2
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын және халықаралық бағыттар бойынша авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, әуе кемесінің ұшуы мен қонуын қамтамасыз ету және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді және тарифтік сметаларды бекіту туралы өтінімдерді қарау барысында ZOOM арқылы онлайн режимінде жария тыңдаулардың болатындығын мәлімдейді:
- «Қызыл-Жар халықаралық әуежайы» ЖШС – 2022 жылдың 17 қазанында сағат 11-00-де (тарифтерді оңайтылған тәртіппен бекіту, конференция идентификаторы: 835 9674 1391, кіру коды: 431177);
- «Халықаралық Әулие-Ата әуежайы» АҚ – 2022 жылдың 17 қазанында сағат 15-00-де (тарифтерді оңайтылған тәртіппен бекіту, конференция идентификаторы: 842 8792 4036, кіру коды: 987884).
Жоғарыда көрсетілген жария тыңдауларға тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары және өзге мүдделі тұлғалар шақырылады.
Байланыс телефондар: +7 7172 75 48 39; +7 701 767 50 56.
10 қазан 2022
10 қазан 2022