«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жолаушыларды автомобильмен тасымалдау саласындағы кейбір мемлекеттік функцияларды міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуге беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын талқылау өткізу туралы ХАБАРЛАМА

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жолаушыларды автомобильмен тасымалдау саласындағы кейбір мемлекеттік функцияларды міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуге  беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын 2022 жылғы 25 қарашада сағат 16-00 «zoom» арқылы талқылау өткізу жоспарлануда.

Талқылауға қатысу үшін қатысуды жоспарлайтын тұлғалардың мәліметтерін (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда), ұялы телефонның нөмірі) zh.tilegen@miid.gov.kz электрондық мекенжайына 2022 жылғы 10 қарашаға дейін жолдау қажет. 

 

Мәліметтер

Жарияланған күні

18 қараша 2022

Жаңарту күні

18 қараша 2022