ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ержан Мырзабаев Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді.
Жарияланған күні: 06 желтоқсан 2022
Жаңарту күні: 06 желтоқсан 2022
Көру саны:47
2022 жылғы 7 желтоқсанда орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесуі аясында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ержан Мырзабаев Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді. Күн тәртібінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қатысты сұрақтар қарастырылады. Сонымен қатар, жұмыс сапары аясында қорғаныс өнеркәсібі кешеніне бару жоспарланған. Кездесу «Солтүстік Қазақстан облысының Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» ғимаратында сағат 10.00-да өтеді.
Тұрғындар мен БАҚ-ты кездесуге қатысуға шақырамыз.
Толық ақпарат тел.: +7 702 111 58 22 – Нұрболат Абдуллаев
Жарияланған күні
06 желтоқсан 2022
Жаңарту күні
06 желтоқсан 2022
Жарияланымның авторы
Түрі