Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіптік инфрақұрылымды және елішілік құндылықты дамыту департаментінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша АҚПАРАТ

Ішкі талдау жүргізудің негіздері: Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс Министрінің 2025 жылғы 10 ақпандағы № 48 «2025 жылға арналған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің кестесін бекіту туралы» бұйрығы, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) аппарат басшысының 2025 жылғы 28 ақпандағы № 71 «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің 2025 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» және 2025 жылғы 4 қыркүйектегі № 345 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрықтары.

Ішкі талдау объектісі қызметінің талдау кезеңі - 2025 жылдың 10 айы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2 бағыт бойынша жүргізілді:

1) Департамент қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Департаменттің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Департамент қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталып, оларды жою үшін келесі ұсынымдар берілді:

- анықталған сәйкессіздіктер бойынша Министрлік пен Департаменттің Ережелеріне өзгерістер енгізуге бастамашылық жасау;

- Департамент қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын сәйкестендіру бойынша шаралар қабылдау;

- арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін тұлғаларды конкурстық іріктеуді өткізу қағидаларына өзгерістер енгізуге бастамашылық жасау;

- Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімін жүргізу бойынша қызметкерлерге оқытуды ұйымдастыру;

- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңында көзделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Жарияланған күні

04 ақпан 2026 12:48

Жаңарту күні

04 ақпан 2026