«Аяқ киім тауарларын таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралдары құнының шекті мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі № 620 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
7-2-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Аяқ киім тауарларын таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралдары құнының шекті мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі № 620 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
|
Ә. Смайылов
|