Автомобиль көлігімен халықаралық жүк тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылар наразына
Жүктерді халықаралық автомобильментасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігі(бұдан әрі – Рұқсат) және автокөлік құралдарына рұқсатберу карточкалары (бұдан әрі – АКҚ-на рұқсат беру карточкасы) болуы автомобиль көлігімен жүктердіхалықаралық тасымалдауды жүзеге асыру кезіндеміндетті болып табылады.
АКҚ-қа рұқсат және рұқсат карточкаларымыналарға беріледі:
1) жүк автомобильдері (тіркемені қоса алғанда, рұқсат етілген пайдалы жүктемесі 3,5 тоннадан астам);
2) жүктердің белгілі бір түрлерін тасымалдауғаарналған мамандандырылған автомобильдер.
Автомобиль тасымалдаушыларына рұқсат беру мен АКҚ–на рұқсат карточкаларын беру тәртібі ҚазақстанРеспубликасы Көлік және коммуникация министрінің2011 жылғы 24 тамыздағы № 523 «Халықаралықавтомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруғаавтомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру қағидаларын беру туралы бұйрығымен» (бұдан әрі -Қағида) регламенттелген.
Мемлекеттік қызметті - Қазақстан РеспубликасыИндустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіКөлік комитетінің аумақтық органдары көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті алуға өтініштерді қабылдау: «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзегеасырылады www.egov.kz, www.elincense.kz.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 2 жұмыскүні.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық (толық автоматтандырылған).
Рұқсат бергені үшін мемлекеттік бажреспубликалық бюджетке ҚР Салық кодексінің 615 – бабының 10) тармақшасында белгіленген бажмөлшерлемесі бойынша төленеді және - 0,25 АЕК құрайды.
АКҚ–на рұқсат карточкасы – тегін.
АКҚ-на рұқсат беру және рұқсат беру карточкаларының қолданылу мерзімі болады жәнемынадай түрлерге бөлінеді:
- шетелдік рұқсатты қолданбай рұқсат – 2 жылғаберіледі (шетелдік рұқсат талап етілмейтін елдерге жәнеЕАЭО елдерінің ішінде тасымалдау);
- шетелдік рұқсатты қолдана отырып Рұқсат – 5 жылға беріледі (шетелдік рұқсат талап етілетін елдергетасымалдау);
- шетелдік рұқсатты қолданбай АКҚ рұқсаткарточкасы– 2 жылға беріледі;
– шетелдік рұқсатты қолдана отырып, АКҚрұқсат карточкасы – 2 жылға беріледі.
АКҚ рұқсат карточкалары әрбір трактор –автомобильге және жартылай тіркемеге (тіркемеге) жеке ресімделеді.
АКҚ рұқсат беру және (немесе) рұқсаткарточкалары басқа отандық тасымалдаушыларғаберілмейді.
Автокөлік құралына біреуден артық қолданыстағырұқсат карточкасының болуына жол берілмейді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізімі.
Шетелдік рұқсатты қолданбай, рұқсат жәнеАКҚ-на рұқсат карточкаларын алу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
1) электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) АКҚ-на нотариалды куәландырылған жалдау шартыныңэлектрондық көшірмесі (АКҚ-ын жалға алған жағдайда);
3) жартылай тіркемені (тіркемені) қоспағанда, тахографты мерзімді тексеру (инспекция) туралы нотариалдыкуәландырылған куәліктің электрондық көшірмесі;
4) жартылай тіркемені (тіркемені) қоспағанда, тахографты тексеру туралы нотариалды куәландырылғансертификаттың электрондық көшірмесі.
Шетелдік рұқсатты қолдана отырып, рұқсатжәне АКҚ-на рұқсат карточкаларын алу үшінмынадай құжаттар ұсынылады:
Көрсетілетін қызметті алушылар Рұқсатты шетелдікрұқсатты қолданбай алған сәттен бастап 2 (екі) жыл өткенненкейін шетелдік рұқсатты қолдана отырып, Рұқсатты алады.
Жүктерді халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру мерзімі2 (екі) жыл ішінде соңғы 2 (екі) жылдағы мынадайқұжаттармен:
1) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойыншакөрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондыққұжат нысанындағы өтініш;
2) Қағидалардың 8-тармақтарында көзделген құжаттар:
- Қызмет алушының рұқсат карточкалары алынған АКҚқатысуымен тасымалдауды жүзеге асырғанын растайтынэлектрондық шот-фактураларды қоса бере отырып, алдыңғыекі жылдың әрбір 3 айы үшін ТТН, CMR, кемінде 1 ТТН және / немесе CMR;
- есепке алу Мемлекеттік кірістер органдарындажүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралымәліметтермен;
- заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердіңжұмыскерлерінің болуы мен санын растайтын жеке табыссалығы және алдыңғы 2 жылдағы әлеуметтік салық бойыншадекларация нысандарымен;
- жүк АКҚ жүргізушілерінің еңбек шарттарыныңкөшірмелерін қоса бере отырып, еңбек шарттарын есепкеалудың бірыңғай жүйесінен жұмысқа орналастырылғанқызметкерлер туралы мәліметтермен;
- электрондық (цифрлық) тахографтарды пайдаланукезінде Қазақстан Республикасында берілген жүргізушікарточкаларымен;
- Қазақстан Республикасында уақытша және/немесетұрақты тұруға рұқсаты бар шетелдік тұлғаның(жүргізушінің) еңбек қызметін жүзеге асыру мерзімінеҚазақстан Республикасының аумағында болуына рұқсатберетін құжаттармен қамтамасыз етіледі.
3) автокөлік құралын нотариалды куәландырылған жалдаушартының (автокөлік құралын жалға алған жағдайда) электрондық көшірмесі;
4) жартылай тіркемені (тіркемені) қоспағанда, тахографты мерзімді тексеру (инспекция) туралы нотариалдыкуәландырылған куәліктің электрондық көшірмесі;
5) жартылай тіркемені (тіркемені)қоспағанда, тахографты тексеру туралы нотариалды куәландырылғансертификаттың электрондық көшірмесі;
6) халықаралық тасымалдаудың көлік құралын тауарлардыкедендік пломбалармен және мөрлермен тасымалдауға жіберутуралы куәліктің электрондық көшірмесі;
7) экологиялық қауіпсіздік сыныбының нотариалдыкуәландырылған растамасының электрондық көшірмесі.
549