Конкурсты қайтадан өткізу туралы № 17 шешім
Конкурсты қайтадан өткізу туралы № 17 шешім
Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 15 қазандағы №537 бұйрығы бойынша құрылған конкурстық комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 69 қаулысымен бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшін субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткізу және субсидияланатын авиамаршруттарға куәліктер беру қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес келесіні анықтап шешім қабылдады:
- Қағидалардың 37 тармағына сәйкес, конкурсқа қатысушылардың екіден кем өтінімі ұсынылуына байланысты, жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша қызметтер көрсету бойынша конкурс келесі бағыттар бойынша өтпеді деп танылсын:
1) Тараз – Алматы – Тараз.
- Қағидалардың 16 және 38 тармақтарына сәйкес, жоғарыда аталған авиамаршрут бойынша қайта конкурс 2022 жылғы 4 мамырда өткізіледі, өтініштерді қабылдау 2021 жылдың 26 сәуірден бастап 3 мамырға дейін қабылданады.
24
Жарияланған күні
26 сәуір 2022 09:35
Жаңарту күні
26 сәуір 2022
Түрі
Жарияланды