«Оқу орталықтарының қызмет қағидалары» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 388 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Оқу орталықтарының қызмет қағидалары» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 388 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
- «Оқу орталықтарының қызмет қағидалары» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 388 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11365 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оқу орталықтарының қызмет қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау Оқу орталықтарының қызмет ету тәртібі»;
12, 13, 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Тестілеу сұрақтары әр нұсқасы елу сұрақтан кем болмайтын кемінде төрт жауап болатын және олардың біреуі дұрыс болып табылатын бес нұсқадан кем болмауға тиіс.
- 13. Тестілеу сұрақтары тоқсанына бір рет отыз пайыздан кем болмауға жаңартылып отыру тиіс.
- Тиісті бағыттар бойынша тестілеу сұрақтары емтихан комиссиясы (бұдан әрі - комиссия) бекітеді, комиссияның сандық және дербес құрамын оқу орталығының басшысы бекітеді, бірақ төрт адамнан кем болмауы керек.
Тыңдаушының жұмыс берушісінің өкілдері, комиссия құрамына кіре алмайды.».
- Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
4
19 шілде 2021 00:00
19 шілде 2021