"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 278-бабы 3-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
-
Қоса беріліп отырған жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, мемлекет меншігіндегі темір жолдарды салу (реконструкциялау) және жөндеу мақсаттары үшін, сондай-ақ гидротехникалық құрылыстарды реконструкциялау және жөндеу үшін пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды немесе өндіруді жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидалары бекітілсін.
-
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамамен белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
-
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
-
Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Лауазымы Т.А.Ә
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Экология,
геология және табиғи ресурстар министрлігі