«Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ

Қызмет

1944 жылы КСРО Мемлекеттік қорғаныс комитетінің қаулысымен КСРО электр станцияларының Халық Комиссариаты жанындағы өнеркәсіптік энергетика және энергетикалық қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекция ұйымдастырылды.

1995 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің «Мемэнергияқадағалау» Республикалық басқармасы «Мемэнергияэкспертиза» республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта құрылды.

2002 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен аталған кәсіпорын «Қазақэнергоэкспертиза» акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.

2013 жылы «Қазақэнергоэкспертиза» АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде ҚЭДЭИ болып өзгертілді және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты ретінде айқындалды. Институт қызметі «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен регламенттеледі.

ҚЭДЭИ қызметінің негізгі мақсаты-энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға жәрдемдесу. Зерттеу, энергетикалық сараптама, энергия аудиті және аналитикалық бағалау саласындағы 30 жылдан астам жұмыс тәжірибесіне сүйене отырып, ақпараттық-талдамалық, консультациялық және сараптамалық қызметтер көрсету.

ҚЭДЭИ қызметінің негізгі бағыттары:

  1. Электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру.
  2. Жаңартылатын энергия бағдарламаларын қолдау.
  3. Мемлекеттік энергетикалық тізілімді (МЭТ) қалыптастыру және жүргізу.
  4. МЭТ субъектілері жүзеге асыратын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін бағалау және талдау.
  5. Энергетикалық сараптама жүргізу, оның ішінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында.
  6. Энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу.
  7. Энергия тиімділігі картасын іске асыру шеңберінде консультациялық және талдамалық қызметтер көрсету.
  8. Энергия аудиттерінің қорытындыларын талдау.
  9. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында сараптамалық қорытындылар мен ұсынымдар беру.
  10. Энергия үнемдеуді дамытуды ынталандыру үшін ақпараттық, білім беру және қаржы ресурстарын тарту мақсатында халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық.
  11. Біліктілікті арттыру курстарын өткізу.
  12. Ақпараттық, талдамалық және консультациялық қызметтер көрсету.

Байланыс ақпараты:

Мекен-жайы: 010002 (Z01D4T1), Қазақстан, Астана қ., Алматы ауданы, Шарль Де Голль көшесі, 3А, 6-7 қабаттар.

Қабылдау бөлмесі: +7 (7172) 91-65-90

Электрондық пошта: info@eedi.kz

Веб-сайт: www.eedi.kz