"1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 80 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы
"1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 80 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы
1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің
80 жылдығы құрметіне соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің ерлігіне,
батырлығы мен жанқиярлығына тағзым мен құрмет көрсетіп,
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- «1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл»
мерекелік медалі тағайындалсын. - Қоса беріліп отырған:
1) «1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалімен наградтау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар);
2) «1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалінің сипаттамасы бекітілсін.
- Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл
еңбеккерлері және өзге де адамдар Қағидаларға сәйкес «1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалімен наградталсын. - Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа
енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев
81