Әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
Әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 22-бабының 2-тармағының 26-30) тармақшасына сәйкес БҰЙРАМЫН:
- Әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторының жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ақпараттандыру департаментіне:
1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің осы бұйрығын мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Заң департаментіне жолдау.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы бұйрық лауазымды адамдарға оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Генерал-лейтенант Р. Жақсылықов
23