БҰЙЫРАМЫН:
- «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери оқу орындарының ақылы негізде берілетін тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 22 қарашадағы № 752 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17771 болып тіркелген, 2018 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери оқу орындарының ақылы негізде берілетін тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларда:
7-тараудағы кестеде «Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) атауы» деген бағанда орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
8-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«8-тарау. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің Canon 6011 цифрлық аппаратында басып шығару қызметтері