Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Алматы облысының жер ресурстарын басқару департаментінің Қаржы-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, (индекс: 4.3-1)
Алматы облысының Жер ресурстарын басқару департаменті
Алматы облысы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
бухгалтерлік есеп және аудит
Функционалды міндеттер
Функционалдық міндеттері: Бөлім қызметіне жетекшілік ету, кадрлық, құжаттамалық және ұйымдастырушылық, қаржылық қамтамасыз ету; Департамент басшылығының қарауына бөлім құзыретіне қатысты мәселелер жөнінде ұсыныстар енгізеді, басқарманың қаржы-шаруашылық жұмыстарын ұйымдастырады; Бөлім қызметкерлерінің заңдарды сақтауға және заңнама талаптарын бұзудың алдын алуға бағытталған жұмыстарды үйлестіреді; Бөлім қызметкерлері әзірлеген құжаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін қадағалайды; Бюджетке салықтың уақытымен аударылып түсуін, жинақтаушы еңбек ақы қорына міндетті зейнетақы төлемінің аударылуын, департамент қызметкерлерінің айлық жалақысының уақытында жүргізілуін қамтамасыз етеді; Бөлім мен департаменттің құрылымдық бөлімдерінің арасында өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді; Қаржыландыру жоспарын орындау, бюджеттік қаражаттың уақытында әрі мақсатты пайдалануы бойынша бюджеттік бағдарлама әкімгерімен өзара жұмыс істеуді, конкурстық рәсімдеулерді үйлестіреді; Жиынтық статистикалық және қаржылық есептерді құру және оларды белгіленген мерзімде тиісті органдарға (салық және статистика мекемелеріне) ұсыну жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады, бухгалтерлік есеп пен есеп беруді жүзеге асыру, қаржы жылына бюджеттік тапсырыс беруге қатысады; Бөлім қызметкерлерінің функционалдық міндеттеріне байланысты әзірлеген құжаттарға, сондай-ақ департаменттің басқа бөлімдері дайындаған бөлім жұмысына қатысты мәселелерді қамтитын құжаттарға бұрыштама қояды; Заңда белгіленген тәртіп бойынша департамент басшылығына қызметкерлерді мадақтау немесе оларды еңбек және орындау тәртібін бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартуға ұсыныс береді; Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді; Бюджет қаражатының мақсатына сай қолданылауына бақылау жасайды; Мемлекеттік қызметшілерді оқытуды, қайта дайындауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастырады; Департаменттің қаржылық қызметін, негізгі қорлар мен айналым қаражатының сақталуын және тиімді пайдаланылуын ұйымдастырады; Тауар-материалдық құндылықтарды, негізгі қорларды, есеп айырысулар мен төлем міндеттемелерін түгендеуді жүргізудің белгіленген қағидаларының сақталуын бақылау; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын сақтау. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау жөніндегі міндеттемелерді жүзеге асырады. 1С, Бухгалтерия 8.2. бағдарламаларында жұмыс істей білу. Word, Excel, E-mail, Internet, «Электрондық Үкімет» бағдарламаларымен компьютерде жұмыс істей білу, іс қағаздарын жүргізудің негіздерін, мемлекеттік тілді білу.
«Б» - функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Область Жетісу, город Талдыкорган, улица Кабанбай батыра №26
-
8 (7282) 32-93-45