Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы Атбасар аудандық аумақтық инспекциясының бас маман-өсімдіктерді қорғау және карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы С-R-4 санаты, 1 бірлік, № 18-2-05-5.

Мемлекеттік орган

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi

Аймақ

Ақмола облысы

Санат

C-R-4 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

186632

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Биотехнология
  • Топырақтану және агрохимия
  • Жеміс - көкөніс шаруашылығы
  • Өсімдік қорғау және карантин
  • Жаратылыстану ғылымдары: экологий

Қосымша талаптар

            Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешен саласындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті өзге де нормативтік құқықтық актілерді білу.

Функционалды міндеттер

Блок А-4.

Тиісті аумақта Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру. Белгіленген нысанда фитосанитарлық тізім мен есепті жүргізу және оларды уәкілетті органның бөлімшесіне ұсыну. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды, әкімшілік құқық бұзушылық пен әкімшілік жазаға тарту ісін қарайды. Жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау және карантині туралы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беру, олардың орындалуын бақылау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өсімдіктер карантині саласында мемлекеттік қызмет көрсетеді. Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен түрлерден қорғау және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруына жалпы бақылауды жүзеге асыру.  

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 18.11.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

21.11.2022 – 29.11.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Көкшетау қ., Ақан-сері көшесі, 111 А

Анықтама алу үшін байланыс

+77172 555-885