Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясының Бухгалтерлік есеп және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы (бала күтіміне байланысты негізгі қызметкердің демалыс кезеңіне 09.04.2024 ж. дейін), С-О-5 санаты, 1 бірлік, №18-10.3-4.

Мемлекеттік орган

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі

Аймақ

Қарағанды облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

186632

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы, тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу, стратегиялық құжаттарды білу, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.

Функционалды міндеттер

(блок В-4) Банкілік операциялардың есебін жүргізу, Еңбек жөніндегі мемлекеттік статистикалық есептерді толтыру, инспекция қызметкерлері мен жұмыскерлерінің еңбек ақыларын есептеу, әлеуметтік, жеке табыстық, қоршаған ортаның ластануы жөніндегі, жылдық жиынтық салықтар жөнінде декларация толтыру, жинақтаушы зейнетақы қорымен есептесу. Шығындар сметасы мен олардың есептерін құру. Қазынашылық органдарда  тіркеуге жіберу үшін жасалған келісім шарттар бойынша өтінімдер және оның реестрлерін жасау; ҚР АШМ облыстық инспекциясының кредиторлық және дебиторлық берешектерінің жинағын жасау. Мекемелердің активтерінің түгелдігін бақылау. Толық материалдық жауапкершілік жөнінде қызметкерлермен келісім-шарт жасау. Бюджеттік қаражатты игеру бойынша апталық және айлық ақпарат дайындау. "Жинақтаушы ведомостар бойынша есеп беретін адамдармен есеп айырысуы" жасау.Негізгі материалдар, құндылығы аз және жылдам тозатын құралдардың шығынға жазылғандығы туралы акт толтыру,  құндылығы аз және жылдам тозатын құралдардың түгелдігін бақылау. Орталықтандыру жолымен бөлінетін пестицидтердің және фитосанитарлық, карантиндік сертификаттардың есебін жүргізу. Жанар-жағар майлардың есебін жүргізу, жүргізушілерге жол парағын беру.

 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 17.11.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

18.11.2022 – 28.11.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 МБ

Сұхбаттасу орны

Жалпы конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 11 А, мекенжайында қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.

Анықтама алу үшін байланыс

(87172) 555-885