Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, санаты С-4, 1 бірлік.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті
Астана қаласы
212061
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және Комитет басшылығының тапсырмасы бойынша Комитеттің құқықтық мәселелер жөніндегі құжаттарын дайындау, Комитет әзірлейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, сондай-ақ оларды басқа құрылымдық бөлімшелер әзірлеген жағдайда келісу арқылы дайындауға қатысу; Комитетке келісуге түскен нормативтік құқықтық актілер жобаларына құқықтық сараптама жүргізу; Комитеттің құрылымдық бөлімшелеріне мемлекеттік органдарда (ұйымдарда) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісуге көмек көрсетуді және келісуді қамтамасыз ету; Комитетте, Министрлікте, Парламентте, Үкіметте, орталық және жергілікті атқарушы органдарда құрылатын комиссиялардың, кеңестер мен жұмыс топтарының жұмысына қатысу; құқықтық сипаттағы мәселелерді қарау кезінде сотта, сондай-ақ басқа органдарда (кәсіпорындарда) Комитеттің мүдделеріне өкілдік ету; заңнаманы насихаттау бойынша жыл сайынғы іс-шаралар жоспарын әзірлеу және іске асыру; Комитеттің құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша түсіндірулер дайындау; Комитеттің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлеріне құқықтық мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсету; Комитет басшылығы жүктеген өзге өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы - 8,14 кіреберіс
-
8(7172)74-08-83