Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Персонал мен жұмыс басқармасының сарапшылары, санаты С-5, 2 бірлік, № 18-6-5, № 18-6-6.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-5

Орташа лауазымдық айлықақы

186632

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (білім беру саласы)
  • Агрономия
  • Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
  • Өсімдік қорғау және карантин
  • Жаратылыстану ғылымдары (биология)
  • Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)

Қосымша талаптар

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы; тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; стратегиялық құжаттарды білу; Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.

Функционалды міндеттер

(блок В-4)

Комитеттің кадр саясаты мен кадр стратегиясын іске асыруға қатысады; Комитеттің мемлекеттік қызметшілерінің жеке істерін жүргізуді және сақтауды жүзеге асырады; Комитеттің, аумақтық бөлімшелердің мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік тізімдеріне қажетті жазбаларды енгізеді; аумақтық бөлімшелердің мемлекеттік қызметшілерінің жеке істерін мемлекеттік қызметшінің жеке ісін жүргізу үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкестігіне тексеруді жүзеге асырады; мемлекеттік қызметшілерге, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларына демалыс беруге байланысты бұйрықтарды ресімдеуді жүзеге асырады; "е-Қызмет" ақпараттық жүйесі арқылы кадрлық іс жүргізуді жүргізу; id-карталарды ресімдеу және беру; ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының жеке істерін жүргізу; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды; ішкі еңбек тәртібі қағидаларын сақтайды; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 15.11.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

16.11.2022 – 24.11.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 МБ

Сұхбаттасу орны

Жалпы конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу Астана қаласы, Мәнгілік ел, 8 үй, 13 кіреберіс, мекен жайы бойынша өткізіледі.

Анықтама алу үшін байланыс

8 7172-555-885