Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңіне 2025 жылғы 09 ақпанға дейін)
"Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті" РММ-і
Атырау облысы
241078
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқық
- Тарих
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Құқық қорғау қызметі
- Экономика
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қаржы
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
Бөлімге басшылық жасау және жұмысын үйлестіру; өз құзыреті шегінде зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектерді әлеуметтік қорғау, міндетті әлеуметтік сақтандыру, арнаулы әлеуметтік қызметтер саласындағы заңнамалардың сақталуына белгіленген тәртіппен тексеруді және мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарын жүзеге асыру; өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; белгіленген тәртіппен басқа мемлекеттік органдармен және ұйымдармен байланысты жүзеге асыру, олардан бөлім қызметі үшін қажетті мәліметтер мен материалдарды сұрату және алу; жоғары органдарға есептерді және ақпараттарды, (бөлімнің құзыретіне кіретін) дайындау және дер кезінде ұсыну; Департаменттің басшылығымен жүктелген өзге де міндеттер.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 24.11.2022
- техникалық жазба құралдарын қолдануымен өткізіледі (ZOOM бағдарламасы)
-
87172-74-35-42