Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті тамақ қауіпсіздігі және инспекциялық жұмыстар басқармасының бас сарапшысы, C-4
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті
Астана қаласы
208 062
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
3.1 ветеринариялық есеп-қисапты жүргізеді және оларды Басқарма құзыретіне жататын ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталған тәртіпте ұсынады;
3.2. Комитеттің аумақтық бөлімшелерімен жүзеге асырылатын әкімшілік іс жүргізу мониторингі;
3.3. Берілген ветеринариялық анықтамалар негізінде жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік ветеринариялық ұйымдары көрсететін мемлекеттік қызметтердің саны туралы ақпаратты ай сайын жинау және талдау;
3.4. Басқарма құзыретіне жататын ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының жеке және заңды тұлғаларымен сақталуы үшін мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық бақылау және қадағалауды ұйымдастырады және іске асырады;
3.5. Басқарманың құзыретіне кіретін Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын жеке және заңды тұлғалардың сақтауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
3.6. тамақ өнімінің қауіпсіздігін айқындау жөніндегі ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметін үйлестіреді және ұйымдастырады;
3.7. ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын қауіпті тамақ өнімдерін өткізуді болдырмау жөніндегі шараларды анықтау және әзірлеу мақсатында ішкі сауда объектілеріне ветеринариялық-санитариялық бақылауды, қадағалауды және мониторингті үйлестіреді;
3.8. ветеринариялық-санитарлық бақылау және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағын қорғау бойынша нормативтік-техникалық құжаттаманың жобаларын келісімдейді;
3.9. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
3.10. Басқарма құзыреті шегінде барлық ұйымдық-құқықтық нысандағы азаматтар мен ұйымдардан түскен өтініштерді, шағымдарды қарайды, Комитет басшылығына олар бойынша шешімдер қабылдау жөнінде ұсыныстар дайындайды және өтініш берушілерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде жауаптарды жібереді;
3.11. Басқарманың құзыретіне кіретін Комитеттің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық ұйымдарының қызметін бақылауды жүзеге асырады;
3.12. Басқарманың құзыретіне кіретін Комитеттің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметіне бақылауды жүзеге асырады;
3.13. ветеринариялық бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі бойынша нормативтік-құқықтық актілерді және халықаралық келісімдерді әзірлеу кезінде Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді.
3.14. Басқарманың жұмыс жоспарын құрастырады;
3.15. Басқарманың құзыреті аясында жиналыстар мен отырыстарға презентациялық материалдарды әзірлеуге қатысады;
3.16. Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін сақтайды.
3.17. Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3.18. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау жөніндегі міндеттемені жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, Мәнгілік ел данғылы, 8 үй, 2 подъезд
-
87172555945