Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ұлытау облысы бойынша аумақтық инспекциясы әкімшілік және қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы (кадр қызметі), C-O-5

Мемлекеттік орган

Аумақтық инспекция

Аймақ

Ұлытау облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

208 062

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) "Е-kyzmet" интеграциялық ақпараттық жүйесінде жұмысты жүргізеді; "Е-kyzmet" интеграциялық ақпараттық жүйесіне дербес деректердің уақтылы және дұрыс енгізілуіне бақылауды жүзеге асырады; мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін ресімдеуді және сақтауды қамтамасыз етеді; қызметтік тізімдерге және еңбек кітапшаларына қажетті жазбалар енгізеді; Мемлекеттік қызметке қабылданғандардың міндетті арнайы тексеруден өтуін және олардың салтанатты ант тапсыруын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді; Мемлекеттік қызмет өтілін белгілеу үшін материалдар мемлекеттік қызметшілерге тоқсандық және жылдық бағалау жүргізу; қызметкерлерді тәртіптік жазаға тарту және көтермелеу бойынша жұмысты үйлестіреді; инспекцияға кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастырады; жеке құрам бойынша инспекцияның бұйрықтарын ресімдейді; қорғаныс істері жөніндегі басқармаға әскерге шақырылушылар мен әскери міндеттілер бойынша есептерді дайындау және ұсыну; инспекция қызметкерлердің Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнама нормаларын орындауы бойынша шаралар қабылдайды; инспекция қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде сотта, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдарда белгіленген тәртіппен инспекцияның мүдделерін білдіреді; инспекцияның құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша Заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда инспекция атынан түсіндірулер дайындайды; шарттардың заңнама талаптарына сәйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған кезде экономикалық ықпал ету шараларының қолданылуын қамтамасыз етеді; тиісті сот талқылауына әкеп соққан негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында инспекцияның қатысуымен болған даулар бойынша талап қою жұмысының, сот практикасының жай-күйін талдайды және оларды жою мен кінәлі лауазымды адамдарды жауаптылыққа тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді; прокуратура органдарына қадағалау тәртібінде наразылық келтіру туралы өтініштермен жүгінеді; мұрағатқа тапсыруға жататын істерді ресімдейді және қалыптастырады; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 14.11.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

15.11.2022 – 23.11.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)555945