Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті кадр және әкімшілік-бақылау жұмысы басқармасының сарапшысы, C-5

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-5

Орташа лауазымдық айлықақы

180 517

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Журналистика
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Басқарманың сарапшысы өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

3.1. Кадрлық қызметке қатысты мәселелер бойынша директивалық құжаттарды, Комитет Төрағасы мен басқарма басшысының тапсырмаларын орындау;

3.2. Кадр мәселелері жөніндегі Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық инспекцияларының жұмысын үйлестіреді;

3.3. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша "Е-қызмет" ИААЖ кіші жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді;

3.4. "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген шектеулер мәселелерінде мемлекеттік қызметшілердің келісімін жазбаша нысанда тіркейді (өзіне қабылдаған шектеулерді бұзған жағдайда құқықтық салдары туралы хабардар етеді);

3.5. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі және Мемлекеттік қызмет туралы заңнама нормаларына сәйкес Комитеттің салалық басқармаларымен бірлесіп Комитеттің лауазымды тұлғаларына, ОАИ, басшылары мен басшыларының орынбасарларының, АҚАИ басшылары және ведомстволық бағынысты ұйымдар директорларының және олардың орынбасарларынана қатысты қызметтік тексерулер жүргізеді;

3.6. Тәртіптік комиссияның тәртіптік өндіріс материалдарын қарау бойынша жұмысын ұйымдастырады;

 3.7. Комитеттің лауазымды тұлғаларының, ОАИ басшылары мен басшыларының орынбасарларының, АҚАИ басшыларының жіберген бұзушылық фактілерін анықтау үшін ҚР  БП КСжАЕАКБ деректер базасынан түсіреді;

3.8. Комитеттің әскери міндетті лауазымды тұлғаларының есебін жүргізу бойынша жұмыс жүргізеді және есепке қою және есептен шығару жөніндегі әскери комиссариатпен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

3.9. Есептерді ұсынады, Комитеттің әскери міндетті қызметкерлері бойынша әскери комиссариатпен салыстыру жүргізеді;

3.10. Мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органдар белгілеген есептілік нысандарын дайындайды және ұсынады;

3.11. Комитеттің лауазымды тұлғаларын жоғарылату, даярлау және қайта даярлау курстары бойынша жұмыс жүргізеді және ОАИ басшыларының және олардың орынбасарларының және АҚАИ басшыларының біліктілігін арттыру, даярлау және қайта даярлау курстары бойынша жұмысты үйлестіреді.

3.12. Комитеттің мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне, ОАИ басшылары мен орынбасарларына, сондай-ақ АҚАИ басшыларға бағалау жүргізу бойынша жұмысты Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың бекітілген Әдістемесіне сәйкес ұйымдастырады және үйлестіреді (ОЖБ, ТНИ, хаттама);

3.13. Комитет қызметкерлерінің, ОАИ, басшылары мен басшыларының орынбасарларының, АҚАИ басшылары және ведомстволық бағынысты ұйымдар директорларының және олардың орынбасарларының еңбек демалыстарының кестесін әзірлейді және бекіту үшін енгізеді;

3.14. Комитет қызметкерлерінің, ОАИ басшылары мен басшыларының орынбасарларының, АҚАИ басшылары және ведомстволық бағынысты ұйымдар директорларының және олардың орынбасарларының демалыстарының барлық түрлеріне бұйрықтар дайындайды;

3.15. ҚББЖ-дан түсіру бойынша жұмысты жүргізеді, үстеме жұмыс бойынша ақпаратты талдайды және дайындайды;

3.16. Комитет қызметкерлерінің, ОАИ басшылары мен басшыларының орынбасарларының, АҚАИ басшылары және ведомстволық бағынысты ұйымдар директорларының және олардың орынбасарларының жеке істерін қалыптастырады және жүргізеді, оларға еңбек қызметіне байланысты өзгерістер енгізеді;

3.17. Комитеттің, аумақтық инспекцияларының бос әкімшілік лауазымдары туралы хабарландыруды қалыптастырады;

3.18. Мемлекеттік қызмет туралы заңнама нормаларына сәйкес бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға кандидаттарды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның жұмысын ұйымдастырады;

3.19. Қызметтік куәліктерді уақтылы беруді, қабылдауды, сақтауды және есепке алуды (пайдаланудан шығарылған қызметтік куәліктерді жоюды), қызметтік куәліктерді тіркеу тізілімін жүзеге асырады және қамтамасыз етеді.

3.20. Комитет қызметкерлерінің, ОАИ басшылары мен басшыларының орынбасарларының, АҚАИ басшылары және ведомстволық бағынысты ұйымдар директорларының және олардың орынбасарларының қызметтік тізімдерін дайындауды жүзеге асырады;

3.21. Жаңадан қабылданған жас қызметкерлерге тәлімгерлік институты бойынша жұмыс жүргізеді

3.22. Комитеттің лауазымды тұлғаларының, ОАИ басшылары мен басшыларының орынбасарларының, АҚАИ басшылары және ведомстволық бағынысты ұйымдар директорларының және олардың орынбасарларының лауазымдық нұсқаулықтарды жинау және талдау бойынша жұмыс жүргізеді;

3.23. Комитет қызметкерлерін көтермелеу, материалдық көмек көрсету және үстемеақы белгілеу жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастырады.;

3.24. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштерді қарайды.

3.25. Басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды және хат алмасуды жүзеге асырады;

3.26. ОАИ, ведомстволық бағынысты ұйымдарға кадр мәселелері бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді;

3.27. Ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтайды;

3.28. Қазақстан Республикасының заңнамасына, Комитет пен басқарма басшылығының тапсырмаларына сәйкес басқарма басшысының өзге де тапсырмаларын орындайды.

3.29. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау жөніндегі міндеттемені жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 14.11.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

15.11.2022 – 23.11.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәнгілік ел данғылы, 8 үй, 2 подъезд

Анықтама алу үшін байланыс

87172555945