Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы шекара маңы бекеттерін бақылау бөлімінің жетекші маманы, C-O-6 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Аймақ

Қостанай облысы

Санат

C-O-6 (Жетекші маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

208 062

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім

Мамандығы

  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден әкелінетін жануарлардың жұқпалы  және экзотикалық ауырулардың енуі мен таралуынан қорғау мақсатында ветеринариялық іс-шаралардың жүзеге асырылуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды іске асырады; Шекарадағы ветеринарлық бекеттерде басқа мемлекеттерден келетін және шекарадан шығарылатын мемлекеттік ветеринарлық бақылауға жататын жүктерге ветеринарлық бақылау жүргізеді; Бақылауға жататын жүктерге ветеринарлық құжаттарды дұрыс және уақытында жасақтап беруді қамтамасыз етеді; Ветеринариялық есеп  пен есептілік жүргізеді және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгіленген тәртіппен ұсынады; Бекетке берілген материалдық құндылықтар мен мүліктің сақталуы және олардың өз мақсатында пайдаланылуы үшін жауапкершілікте болады көтеру; Экспортау (импорттау) және транзиттеу кезінде жеке және заңды тұлғалардың қызметінде ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындалуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады; Мемлекеттік ветеринарлық бақылауға жататын жүктерді тасымалдауға пайдаланылатын көлік құрадары  мен жабдықтарына қойылатын ветеринарлық-санитарлық талаптардың сақталуына бақылау жүргізеді; Қолданыстағы нұсқаулықтарға сәйкес эпизоотияға қарсы керекті іс- шаралар жүргізелі және қажетіне қарай тасымалданып келе жатқан жануарларға ветеринариялық көмек көрсетеді; Мемлекеттік ветеринарлық бақылауға жататын импорттық жүктердің ветеринарлық нормативтерге сәйкестігін анықтайды немесе ветеринарлық санитарлық сараптама жүргізу мақсатында оларға белгіленген тәртіппен іріктеу жүргізеді.

ветеринариялық бақылау бекеттерінде:

орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде; жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша; тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда,  маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру; орнын ауыстыратын (тасымалданатын) объектілерді әкелу, әкету және транзиті кезінде, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекарасының маңындағы аумақтағы   шекарадағы автомобиль қатынасы шегінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды іске асыру. ҚР «Ветеринария туралы» Заңымен белгіленген басқа функцияларды жүзеге асырады. Бөлім басшысымен белгіленген басқа да міндеттерді орындайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 14.11.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

15.11.2022 – 23.11.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.

Анықтама алу үшін байланыс

87172555945