Жерді пайдалану мониторингі және жердің пайдалануы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жетілдіру басқармасының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі, Үкіметі үшін, Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комитет пен Министрлік басшылығы үшін ақпараттық, талдамалық материалдар дайындау; жер заңнамасын қолдану практикасын қорыту; Басқарманың құзыреті шегінде заңнаманы жетілдіруге бағытталған нормативтік-құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық актілерді әзірлеу; мониторинг нәтижесінде анықталған пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлері және басқа санаттағы жерлер туралы жергілікті атқарушы органдар ұсынған ақпаратты қорыту және талдау жүргізу; пайдаланылмайтын жерлер бойынша өзекті деректерді қалыптастыру; ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жерді пайдалану мониторингін жүргізу бойынша іс-шараларды іске асыру; пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін және басқа санаттағы жерлерді анықтау үшін веб-порталда ғарыштық мониторинг арқылы жергілікті атқарушы органдар жүргізетін ауыл шаруашылығы жерлерінің және басқа санаттағы жерлердің мониторингі бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру; жергілікті атқарушы орган мониторинг нәтижелері бойынша тоқсан сайын веб-порталда ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылмайтын жер учаскелері туралы қалыптастырған ақпаратқа талдау жүргізу; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтармен (жер қатынастары бойынша азаматтарды қабылдау, шағымдар мен өтініштерді орнына бару арқылы қарау) жұмыс жасау. Комитет пен Министрлік басшылығы жүктеген өзге де міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 10.06.2020
- г. Нур-Султан, ул. Мәңгілік ел, 8
-
74-23-49