ҚР АШМ Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті Өсімдік шаруашылығы өнімін қайта өңдеу басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің оқу демалысы кезеңіне 19.09.2023 ж. дейін), С-4 санаты, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

272453

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Биотехнология
  • Азық - түлік өнімдерінің технологиясы
  • Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
  • Аграрлық техника және технология
  • Қаржы

Қосымша талаптар

1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы;

2) Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеннің жетекшілік ететін салаларындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.

Функционалды міндеттер

Өсімдік шаруашылығы өнімін өңдеу және тамақ өнеркәсібі саласында мемлекеттік агроөнеркәсіптік саясатты қалыптастыруға қатысу; өсімдік шаруашылығы өнімін өңдеу және тамақ өнеркәсібі саласында стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік, салалық және басқа да бағдарламалар мен жобаларды әзірлеуге қатысу; өсімдік шаруашылығы өнімін өңдеу және тамақ өнеркәсібі саласын талдау және мониторингілеу; өсімдік шаруашылығы өнімін өңдеу және тамақ өнеркәсібі саласында болжауды жүзеге асыру, өсімдік шаруашылығы өнімін өңдеу өнімдерінің өндірісі, экспорты, импорты және тамақ өнеркәсібі теңгерімін жүзеге асыру; өсімдік шаруашылығы өнімін  өңдеу және тамақ өнеркәсібі саласын дамытуға бағытталған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және құқықтық мониторингін жүргізу; өсімдік шаруашылығы өнімін өңдеу және тамақ өнеркәсібі саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу; өсімдік шаруашылығы өнімі мен тамақ өнеркәсібі мәселелері бойынша елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар енгізеді, өсімдік шаруашылығы өнімін өңдеу саласында бюджеттік өтінім және бюджеттік бағдарламаларды әзірлеуге қатысу; өсімдік шаруашылығы өнімін өңдеу және тамақ өнеркәсібі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер мен халықаралық құжаттарды әзірлеуге қатысу; өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдеу және тамақ өнеркәсібі саласында халықаралық ынтымақтастыққа қатысу; басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жұмыстарды үйлестіру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 08.11.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

09.11.2022 – 17.11.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәнгілік ел данғылы., 8 үй, 3 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (71 72) 555-918