ҚР АШМ Егіншілік департаменті Мелиорация басқармасының бас сарапшысы, санаты С-4, 1 бірлік
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қаласы
272457
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Агрономия
- Су ресурстары және суды пайдалану
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Аграрлық техника және технология
- Топырақтану және агрохимия
- 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
- Қаржы
- Гидротехникалық құрылыс және ғимарат
Қосымша талаптар
1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы;
2) Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеннің жетекшілік ететін салаларындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.
Функционалды міндеттер
Суармалы жерлерді мелиорациялау және мониторингі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; мелиорациялау және прогрессивтік технологиялар (суару режимі және техникасы, меншік нысандарына қарамастан гидромелиоративтік жүйелер деңгейіндегі су бөлуді диспетчерлеу мен автоматтандыру) саласындағы нормативтік-құқықтық және нормативтік-әдістемелік базаны жетілдіруге қатысу; суармалы жерлерді гидромелиорациялау мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бұйрықтарының жобаларын дайындау; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Стратегиялық жоспарының іс-шараларын орындау; суармалы жерлерді гидромелиорациялау мәселелері бойынша министрліктермен, ведомстволармен және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасау; тұжырымдамалық ұсыныстар дайындай отырып, мелиорациялау мен су үнемдеу технологияларының, гидромелиоративтік жүйелер деңгейіндегі су пайдаланудың іс жүзіндегі жай-күйін зерделеу және талдау; суармалы жерлердің мелиоративтік жай-күйін мониторингі және бағалау саласындағы республикалық бюджеттік бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу, су объектілерін қорғау саласында әдістемелік қызмет көрсету; мелиоративтік шараларды жүзеге асыру және су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша инфрақұрылымдар мен субъектілердің өзара әрекеттесуін және оларға әдістемелік қолдау көрсетуді ұйымдастыру; мелиорация және су үнемдеу технологияларын енгізу жөніндегі шығындарды қаржыландыру, субсидиялау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және мониторингілеу; басшылықтың тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, Мәнгілік ел данғылы., 8 үй, 3 кіреберіс
-
8 (71 72) 555-918