ҚР АШМ Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қаласы
239910
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
Жоғары тұрған органдардың актілері мен тапсырмаларының, басшылық бұйрықтарының, тапсырмаларының уақтылы орындалуына Мониторинг жүргізу; Министрлік алқасы отырыстарын дайындауға және өткізуді ұйымдастыруға қатысу; негізгі қызмет бойынша бұйрықтарды және аппараттық кеңестердің, алқалардың хаттамаларын тіркеу; директивалық құжаттармен жұмысты ұйымдастыру бойынша, Министрлік алқасының құрамы бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және іске асыруға қатысу; бақылаудағы құжаттарды орындау нәтижелері туралы жоғары тұрған басшылыққа тұрақты негізде ақпарат; бақылау-анықтамалық және басқа да картотекаларды қалыптастыру және жүргізу; Министрліктің алқа отырыстарының материалдарын дайындау;
Аппарат және өзге де кеңестердің (алқа отырыстарының) хаттамаларын жүргізу; Министр кеңестерінің (хаттамалық тапсырмаларының) хаттамаларын және хаттамалық тапсырмаларды не Министрдің бұрыштамаларын орындау үшін әзірленген және бекітілген құжаттарды бақылауға қоюды жүзеге асыру, оларды электрондық құжат айналымы жүйесін қолдана отырып есепке алу; хаттамалық тапсырмалардың орындалуы туралы ақпаратты жинау және қорыту; Министр мен бірінші вице-министрдің хаттамалық тапсырмаларының орындалу мерзімдеріне бақылауды және олардың уақтылы орындалуына мониторингті жүзеге асыру; Министр мен аппарат басшысы өткізетін аппараттық және өзге де кеңестерде қарау үшін тапсырмалардың орындалу барысы туралы материалдарды дайындауға қатысу, бақылаудағы тапсырмалар мен құжаттарды орындау нәтижелері туралы жоғары тұрған басшылыққа тұрақты негізде ақпарат дайындауға және беруге қатысу. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің жоғары басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, Мәнгілік ел данғылы., 8 үй, 3 кіреберіс
-
8 (71 72) 555-918