Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясы Ақтөбе қалалық аумақтық инспекциясының бас маманы - өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы, С-R-4 санаты, 1 бірлік, №18-3-01-2

Мемлекеттік орган

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі

Аймақ

Ақтөбе облысы

Санат

C-R-4 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

186632

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Биотехнология
  • Топырақтану және агрохимия
  • Өсімдік қорғау және карантин
  • Жаратылыстану ғылымдары: биология
  • Жаратылыстану ғылымдары: экологий

Қосымша талаптар

 Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешен саласындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті өзге де нормативтік құқықтық актілерді білу.

Функционалды міндеттер

С-R-4 (Блок А-4)

Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині жөніндегі қолданысты нормалары мен стандарттарын сақтауын бақылау; өсімдіктер карантині саласындағы заңдар мен белгіленген ережелердің сақталуына және аудан/қала аумағында өсімдіктер карантині жөніндегі шаралардың орындалуына мемлекеттік бақылауды іске асыру; Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі істерді қарауына бақылауды іске асыру; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетімен әзірленген нысандар бойынша есептер жүргізу; республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын зиянкестермен, өсімдіктер ауруларымен және арамшөптермен күресу жөніндегі іс-шаралардың сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 04.11.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

07.11.2022 – 15.11.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Ақтөбе қаласы, Смағұлов көшесі, 11А

Анықтама алу үшін байланыс

+77172555-885