Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекциясы Бәйдібек аудандық аумақтық инспекциясының бас маман өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы С-R-4, 1 бірлік, № 18-16.03-2.
ҚР АШМ АӨК МИК Түркістан облыстық аумақтық инспекциясы
Түркістан облысы
186632
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
- Агрономия
- Топырақтану және агрохимия
- Жеміс - көкөніс шаруашылығы
- Өсімдік қорғау және карантин
- Жаратылыстану ғылымдары: экологий
Қосымша талаптар
Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы, тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу, стратегиялық құжаттарды білу, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.
Функционалды міндеттер
(блок А-4) Өсімдіктер карантині жөніндегі карантиндік ахуалды және іс-шараларды жүргізуді бақылайды. Шетелдік тұқымдар мен көшеттік материалдармен өндірілген пайдаланатын жерді, егістікті және көшеттерді, астық қабылдау пункттерін, қоймаларды және басқа да күй-жайды тексеруді жүргізеді. Карантиндік объектілердің таралу есебін жүргізеді, сондай-ақ, мүдделі адамдарға ақпарат береді. Карантинге жатқызылган өнімді, сондай-ақ, көлік құралдарын залалсыздандырудың ұйымдастырылуына және оны өткізудің сапасына бақылау жүргізеді. Карантинге жатқызылган өнімге карантиндік тексеруді, үлгілерін іріктеп алуды, зертханалық сараптамадан өткізуді бақылайды және фитосанитарлық (карантиндік) сертификат береді. Карантинге жатқызылған өнімді өндірумен, дайындаумен, қайта өңдеумен, сақтаумен, тасымалдаумен жэне сатумен байланысты мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды тұлғалардың, жеке жэне заңды тұлғалардың белгіленген карантиндік Ережені жэне іс-шараларды орындауіына бақылау жүргізеді. Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы Заңдарында белгіленген тәртіппен, іс-шаралар Ережесін барлық меншік нысандағы базарларда, үйымдар мен ведомстволарында орындалуына мемлекеттік бақылауды жүргізеді. Мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға өсмдіктер карантині жөніндегі іс-шаралардың орындалуына нұсқама шығарады жэне оның орындалуын бақылайды. Өсімдіктер карантині саласындағы заңдарды бұзған жеке және заңды тұлғаларды ҚР Заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартады. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің тиісті баптарына сәйкес, ҚР аумағын карантин ооъектілерден қорғау ережелерін бұзған жағдайда әкімшілік кұқық бұзушылыққа жол берген жеке және заңды тұлғаларға айыппұл салады және өсімдік, өсімдік тектес өнімдерді әкелу, әкету, импорт, экспорт, карантинді тексеруден өтпеген, құжаттары болмаған жағдайда хаттама толтырылады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
tashenov.b@minagri.gov.kz
- Жалпы конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу Түркістан қаласы, Жаңа қала м/а, 32 көше, 16 ғимарат, мекенжайында қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.
-
(87172) 555-885