Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекциясы Бухгалтерлік есеп және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы (кадрлық бірлік) (бала күтіміне байланысты негізгі қызметкердің демалыс кезеңіне 03.01.2023 ж. дейін), санаты С-О-5, 1 бірлік, № 18-16.3-4.
ҚР АШМ АӨК МИК Түркістан облыстық аумақтық инспекциясы
Түркістан облысы
186632
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Агрономия
- Құқықтану
- Экономика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Жеміс - көкөніс шаруашылығы
- Өсімдік қорғау және карантин
Қосымша талаптар
Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы, тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу, стратегиялық құжаттарды білу, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.
Функционалды міндеттер
(блок В-4) Мемлекеттік қызметшілерге қатысты бұйрықтарды әзірлеу. Қызметкерлердің жұмыс уақытын есептеу табелін жүргізу, басшыға уақытында бекітуге ұсыну. Инспекцияның құрылымдық бөлімшелерінде мемлекеттік және еңбек тәртібінің, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі талаптарының, инспекция регламенті және жалпы еңбек тәртібінің сақталуын қадағалау. Көтермелеу, сыйақы, үстемақы белгілеу, материалдық көмек көрсету мәселелерді ұйымдастыру жөніндегі комиссиясының жұмыстарын ұйымдастыру Тоқсан сайынғы мониторингін жүргізуді бақылау. Мемлекеттік қызметшілерге қатысты кадрлық есептіліктерді, іс қағаздарын «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесімен сапалы атқаруды жүзеге асыру, еңбек кітапшаларына тиісті жазбаларды дер кезінде енгізу. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жеке істерімен, іс қағаздарымен, құжаттарымен жұмыс жасау, персоналмен жұмыс бойынша басқа да тиісті жұмыстар атқару. Біліктілігін арттыру мен қайта даярлау курстарына уақытылы өту бойынша жұмыстарды жүргізу. Құрылымдық бөлімшелердің мемлекеттік қызметшілердің жеке жұмыс жоспарларын уақытылы әзірлеу жөніндегі жұмысты үйлестіру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
tashenov.b@minagri.gov.kz
- Жалпы конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу Түркістан қаласы, Жаңа қала м/а, 32 көше, 16 ғимарат, мекенжайында қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.
-
(87172) 555-885