Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясының Абай аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы – өсімдіктер карантині жөніндегі инспекторы, (бала күтіміне байланысты негізгі қызметкердің демалыс кезеңіне 28.06.2024 ж. дейін), санаты С-R-4, 1 бірлік, № 18-10-02-5.

Мемлекеттік орган

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі

Аймақ

Қарағанды облысы

Санат

C-R-4 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

186632

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Биотехнология
  • Аграрлық техника және технология
  • Топырақтану және агрохимия
  • Жеміс - көкөніс шаруашылығы
  • Өсімдік қорғау және карантин
  • Жаратылыстану ғылымдары: биология

Қосымша талаптар

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы, тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу, стратегиялық құжаттарды білу, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.

Функционалды міндеттер

(блок А-4) карантиндік объектілердің ошақтарын оқшаулау, жою және олардың таралуының алдын-алу бойынша мемлекеттік шаралар жүйесін жоспарлайды және ұйымдастыру; қызметі карантиндік өнімдерді дайындаумен, өндірумен, қайта өңдеумен, сақтаумен, тасымалдаумен және өткізумен байланысты ұйымдардың, мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары мен жеке және заңды тұлғалардың карантиндік ережелерді орындауын бақылауды жүзеге асыру; өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды орындауға нұсқама шығарады және оның орындалысын бақылау; өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және фитосанитариялық, карантиндік сертификаттарды рәсімдеу; өсімдіктердің карантині жөніндегі ережеге және нұсқаулыққа сәйкес карантиндік бақылауды, тексеру мен сараптауды және карантинге жатқызылған өнімдерді, сондай-ақ, көлік құралдарын залалсыздандыруды бақылауды жүргізу; өсімдіктер карантині саласындағы заңнамаларды бұзған лауазымды, заңды және жеке тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту; өсімдіктер карантині саласындағы іс-қағаздарды жүргізу; жұмыстың біліктілік талаптары мәселелері бойынша отандық және шетелдік тәжірибелерді оқып, үйрену.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 01.11.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

02.11.2022 – 10.11.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 МБ

Сұхбаттасу орны

Жалпы конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу Қарағанды қаласы, Әлиханова көшесі, 11 А, мекенжайында қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.

Анықтама алу үшін байланыс

871-72-555-885