Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Жер қатынастарын дамыту және жерге орналастыру басқармасының бас сарапшысы, санаты С-4, 2 бірлік (ЖҚДЖОБ-2, ЖҚДЖОБ-4))

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

241078

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Жерге орналастыру
  • Қызмет көрсету (білім беру саласы)
  • Құқықтану
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Тау-кен ісі
  • Геодезия және картография
  • Ауылшаруашылық ғылымдары (білім саласы)
  • Топырақтану және агрохимия
  • Кадастр
  • Бағалау
  • маркшейдрлік ісі

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

Тапсырмаларды лауазымдық нұсқаулықтарға, Министрлік пен Комитет туралы, Басқарма туралы ережеге, Министрлік регламентіне  сәйкес орындау, жер қатынастары мен жерге орналастыру саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге және талдау жүргізуге қатысу; басқарма құзіретінің шеңберінде Үкімет қаулыларының жобаларын дайындауды қамтамасыз ету; жер қатынастарын реттеу саласында нормативтік-құқытық актілерді әзірлеуді қамтамасыз ету; нормативтік-құқықтық актілер мен нормативтік құжаттарды, жерге орналастыру жөніндегі әдістемені әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; жер заңнамасы нормаларын түсіндіру;халықаралық шарттарды дайындауға және жасасуға бекітілген тәртіпте қатысу, жер заңнамасын қолдану практикасын жалпылау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; жер қатынастары мәселелері бойынша жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдардың қызметін үйлестіру және оған әдістемелік басшылық ету. Халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады және халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүдделерін құзіреті шегінде ұсынады; халықаралық шарттарды дайындауға және жасасуға бекітілген тәртіпте қатысу. Кіріс және шығыс ақпарат бойынша материалдар мен қорытындыларды уақтылы дайындауды жүзеге асыру, Басқармаға жүктелген тапсырмалар мен міндеттерді тиісінше орындауды қамтамасыз ету. Цифрландыру саласындағы іс-шараларға қатысу және жүзеге асыру. Комитет пен Министрлік басшылығы жүктеген өзге де функцияларды орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 01.11.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

02.11.2022 – 10.11.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы - 8,14 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172)74-08-83