Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Абай облысы жер ресурстарын басқару департаменті Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы - мемлекеттік инспектор, С-О-5 санаты, (№ 01-1-4, 01-1-5, 01-1-6) – 3 бірлік.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті

Аймақ

Абай облысы

Санат

C-O-5 (Кеден бекетінің бас маманы)

Орташа лауазымдық айлықақы

212061

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Ауыл шаруашылығы және биоресурстар (білім беру саласы)
  • Құқықтану
  • Құқық қорғау қызметі
  • Геодезия және картография
  • 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
  • Жерге орналастыру
  • Кадастр
  • Бағалау

Функционалды міндеттер

жер заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша жеке, заңды тұлғаларға және мемлекеттік органдарға қатысты тексерулер жүргізу арқылы жердің пайдаланылуы мен қорғалуына, оның ішінде мемлекеттік жер кадастрын және жер мониторингін жүргізудің дұрыстығына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Пайдаланылмайтын не бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою туралы талап-арыздарды дайындау және сот органдарына беру. Сондай-ақ Департамент құзыреті аясындағы өзге де талап-арыздар. Сотта өкілдік ету. Өзіне белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы басшылықтың назарына немесе құқық қорғау органдарына жеткізеді. Сондай-ақ заңнамада көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 31.10.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

01.11.2022 – 09.11.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Семей қаласы, Ж.Шайжунусов көшесі 133/1

Анықтама алу үшін байланыс

8(701)426-26-66