Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ұлытау облысы бойынша аумақтық инспекциясының Өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы, санаты С-О-4, 1 бірлік, № 18-17.1-1.
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ұлытау облысы бойынша аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі
Ұлытау облысы
241078
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
- Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (білім беру саласы)
- Ауыл шаруашылығы және биоресурстар (білім беру саласы)
- Агрономия
- Биология
- Биотехнология
- Топырақтану және агрохимия
- Жеміс - көкөніс шаруашылығы
- Өсімдік қорғау және карантин
Қосымша талаптар
Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы; тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; стратегиялық құжаттарды білу; Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.
Функционалды міндеттер
(блок А-6)
Тиісті аумақта Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру; Тиiстi аумақта фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн бақылау. Өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; Белгіленген нысан бойынша фитосанитариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу және оларды уәкілетті органның ведомствосына ұсыну; Мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру кезінде үлгілерді іріктеп алу; Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану; Жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар шығару және олардың орындалуын бақылау кіреді. Астық нарығының мониторингін жүзеге асырады; Астық қабылдау кәсіпорындарының біліктілік талаптарына сәйкестігіне жыл сайын зерттеу жүргізуге қатысады; Астық қабылдау кәсіпорындарына және жергілікті атқарушы органдарына астық заңнамалары бұзылған жағдайда нұсқама береді; Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілер мен асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламаларының негізінде бюджет қаражаты есебінен субсидия алған жеке және заңды тұлғалардағы селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың жай-күйіне, оны есепке алуға және оның есептілігіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің малды күтіп-ұстау, азықтандыру, сондай-ақ асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сақтау жағдайларының талаптарына сәйкестігін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілер көрсететiн малды бағалау және өз төлiнен өсiру жөнiндегі қызметтердің сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; Өткізілетін өнімге (материалға) асыл тұқымдық мал орталығы, дистрибьютерлiк орталық, республикалық палаталар беретін асыл тұқымдық куәліктерде көрсетілген деректердің дәйектілігін тексеру; Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдану; «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардан асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті бастағаны туралы хабарламаларды қабылдау. Өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімі мамандарының міндеттері мен уәкілеттілігін анықтау және аудандардағы, қалалардағы өсімдіктерді қорғау жөніндегі мамандардың қызметін үйлестіру. Бөлім қызметкерлерінің еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтауларын жалпы бақылауды жүзеге асыру; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдау. Өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Ішкі конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу Жезқазған қаласы, Ғарышкерлер 15, мекенжайында қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.
-
(87172) 555-885