Мал шаруашылығы департаментінің директоры, санаты С-1, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-1 (Департамент директоры)

Орташа лауазымдық айлықақы

837038

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Ескертпе: Мемлекеттік басқарудың тиісті саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға бағытталған функциялар жүктелген бөлімшелер мен ведомстволардың С-1 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей қосымша үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

  • міндетті түрде «Б» корпусының А, В, C-O, C-R, D, D-O, D-R, E, E-R және E-G санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында, саяси мемлекеттік лауазымдарда, немесе құқыққорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде, немесе мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекемелерде, мемлекеттік емес мекемелерде, оның ішінде олардың филиалдарында, өкілдіктерінде немесе өзге жекелеген құрылымдық бөлімшелерінде, осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.

Сондай-ақ жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  3.  А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бес жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық және оларға теңестірілген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі екі жыл алты айдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында үш жылдан кем емес;
  6. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде жылдық орташа штат саны елу адамнан кем емес мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  7. баспасөз хатшысы лауазымына осы лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуына рұқсат етіледі;
  8. жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  9. ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
  10. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Ветеринария
  • Экономика
  • Биотехнология
  • Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария

Қосымша талаптар

1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттердің болуы;

2) Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білуі.

Функционалды міндеттер

Департаменттің қызметін бақылау және ұйымдастыру. Аппарат басшысына Департамент қызметкерлерін қызметке тағайындау және қызметтен босату жөнінде ұсыныстар енгізу; көтермелеу және тәртіптік жаза қолдану жөнінде шаралар қабылдау; аппарат басшысына қызметкерлердің белгіленген саны және еңбекке ақы төлеу қоры шегінде Департаменттің құрылымы мен штат кестесі жөнінде ұсыныстар беру. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің, жемшөп өндірісінің өнімділігі мен сапасын арттыруды қолдауға бағытталған бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуына бақылауды жүзеге асыру. Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттар мен материалдардың сапалы және уақтылы орындалуын ұйымдастыру. Мал шаруашылығындағы асыл тұқымдық істі жетілдіру, лизингтің пайыздық ставкасын, мал кредитін субсидиялау, сондай-ақ мал шаруашылығындағы сақтандыруды субсидиялау жөнінде ұсыныстар әзірлеу; ауыл шаруашылығы өнімінің саласы мен нарықтарын дамыту жөніндегі бағдарламаларға ұсыныстар енгізу. Асыл тұқымды мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді және келісуді жүзеге асыру. Асыл тұқымды мал шаруашылығы, жемшөп өндірісі саласында мемлекеттік агроөнеркәсіптік саясатты әзірлеу және іске асыру, сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ жемшөп өндірісін мемлекеттік қолдау бойынша ұсыныстар енгізу. Озық технологиялар мен инвестициялық жобаларды енгізу; асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің, жемшөп өндірісінің өнімділігі мен сапасын арттыруды қолдауға бағытталған кіші бағдарламалар шеңберінде көрсетілген қызметтерді қабылдау және бағалау жөніндегі комиссияның жұмысын үйлестіру; асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру, жемшөп өндірісі мәселелері бойынша Мемлекеттік бағдарламалар мен ұлттық жобалардың, ауыл шаруашылығы министрлігінің Стратегиялық жоспарының және басқа да салалық бағдарламалардың орындалуына мониторингті жүзеге асыру; жаңа технологиялар трансферті және өндіріске енгізу; жайылым пайдаланушылардың жайылымдарды, сондай-ақ "Жайылымдар туралы" заң шеңберінде елді мекен жерлерін тиімді пайдалануын талдау; мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасау. Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп жауапты органы Министрлік айқындаған шет елдермен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиялардың отырыстарына қажетті құжаттар мен материалдарды дайындауға Департаменттің қатысуын қамтамасыз ету; Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің, Еуразиялық үкіметаралық кеңестің, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының, Еуразиялық экономикалық комиссияның консультативтік комитеттері мен жұмыс топтарының, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі Үкіметаралық кеңесінің отырыстарына материалдар дайындауда. Департамент құзыретіне кіретін Министрлік басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 01.12.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

02.12.2022 – 06.12.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәнгілік ел данғылы., 8 үй, 3 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (71 72) 555-918