Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Персоналмен жұмыс басқармасының бас сарапшысы, санаты С-4, 1 бірлік, № 18-6-4.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

212061

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
  • Құқық
  • Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (білім беру саласы)
  • Құқықтану
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)

Қосымша талаптар

(блок В-5)

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы; тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; стратегиялық құжаттарды білу;

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаларын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.

 

Функционалды міндеттер

Комитеттің кадр саясаты мен кадр стратегиясын әзірлеуге қатысу; Комитеттің және аумақтық инспекциялардың мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау, тағылымдамадан өту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады; Комитеттің және аумақтық бөлімшелердің мемлекеттік қызметшілерін аттестаттаудан өткізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады; "Е-Қызмет" ақпараттық жүйесі арқылы кадрлық іс жүргізуді енгізу; тәртіптік комиссия отырыстарында қарау үшін материалдар дайындау; мемлекеттік қызметшілер қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу; Комитеттің және аумақтық инспекциялардың лауазымдарына лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеу; сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу мәселелерін қарау жөніндегі комиссиялардың жұмысын қамтамасыз ету; id-карталарды ресімдеу және беру; әкімшілік мемлекеттік лауазымдардың функционалдық блоктарға бөлінуін әзірлеу және бекіту; Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық бөлімшелердің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін әзірлеу жөніндегі жұмысты жалпы үйлестіру; Комитет және Аумақтық бөлімшелер қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлеу жөніндегі жұмысты жалпы үйлестіру; ведомстволық бағынысты ұйымдардың кадр қызметтеріне әдістемелік көмек көрсету.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 21.10.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.10.2022 – 27.10.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Ішкі конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу Астана қаласы, Мәнгілік ел, 8 үй, 13 подъезд. (Министрліктер үйі) мекенжайында өткізіледі.

Анықтама алу үшін байланыс

87172-555-885