Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Абай облыстық аумақтық инспекция басшысының орынбасары, C-O-2 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті

Аймақ

Абай облысы

Санат

C-O-2 (Басшының орынбасары)

Орташа лауазымдық айлықақы

422 437

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  3. А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, облыстық және оларға теңестірілген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  6. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  7. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  8. ғылыми дәрежесінің болуы;
  9. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Ветеринария
  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария

Функционалды міндеттер

Инспекция басшысының орынбасары Инспекцияның қызметін ұйымдастырады және Инспекцияның жұмысына басшылық етеді және Инспекцияға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларының жүзеге асырылуына жеке жауапты болады.

1) Инспекция құзыреті шегінде ветеринария саласында мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді;

2) Инспекция басшысының бұйрықтарын, Комитеттің тапсырмаларын, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрықтарын және тапсырмаларын өз уақытында және сапалы орындалуын ұйымдастырады;

3) еңбек тәртібінің сақталуы және Инспекция қызметкерлерінің жұмыс тәсілдерін жақсарту бойынша іс-шараларды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

4) Абай облысы аумағында, ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттерін қоса алғанда мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен берілген өкілеттіктер шегінде  Абай облысы аумағында, ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттерін қоса алғанда, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргізу мақсатында орындалуға міндетті актiлерді шығарады;

6) Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердің экспорты кезінде ветеринариялық сертификат беруге құқығы бар мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың тізімін бекітеді;

7) Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың тізімін бекітеді;

8) ветеринарлық есепке алуды және есеп-қисапты ұйымдастырады және жүргізеді және оларды ветеринария саласында Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталған тәртіпте ұсынады;

9) ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының заң талаптарының, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларының заңды және жеке тұлғалармен орындалуына мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізеді;

10) бюджеттік бағдарламамен сатып алынған ветеринарлық препараттардың сақталуына, тасымалдануына (жеткізілуіне) және қолданылуына бақылау және қадағалауды және үлестіріп бөлуді жүзеге асырады;

11) Қазақстан Республикасының аумағына басқа мемлекеттерден әкелінетін жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының енуі мен таралуынан қорғау мақсатында ветеринариялық іс-шаралардың жүзеге асырылуынамемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды іске асырады;

12) жануарлар ауруларын болдырмауға, таралмауына немесе жоюға, алдын алуға, емдеуге немесе диагностикалауға және алдын алуды қосып алғанда, залалсыздандыру (зарарсыздандыру), адам мен жануарлардың денсаулығына қауіп төндіретін жануарлардың аса қауіпті ауруларымен ауырған жануарларды тәркілеп алып жоюды; жануарлардың өнімділігін арттыру; адамдар жануарлардың жұқпалы ауруларынан, сонымен қатар жануарлар мен адамға ортақ ауруларынан қорғау мақсатында жануарлардың өнімдері мен шикізаттарының, азық және азық қоспаларының, бірдейлендіру рәсімдерін қоса алғанда, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды ұйымдастырады; 

13) Жануарларды бірдейлендіруде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргізуді жүзеге асырады;

14) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10 бабының    1-1 тармағына сәйкес, ветеринария саласында қызмет көрсететін, бөліп айтқанда ішкі іс-шараларды орындайтын  жергілікті атқарушы органдардың қызметін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргізуді жүзеге асырады;

15) Қазақстан Республикасының заңнамасында көз¬делген тәртіппен техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

16) облыс аумағындағы ұйымдарда ветеринария саласында пайдаланы¬латын жануарлар ауруларының қоздырғыштары штаммдары¬ның пайдаланылуына, тасымалдануына (жеткізілуіне), сақталуына және жойылуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды жүзеге асырады;

17) ветеринарлық препараттарды, азық және азық қоспаларын өндiрудi, әкелудi (импорттауды), тасымалдауды (орын алмастыруды), өткiзудi, қолдануды (пайдалануды) қоса алғанда мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

18) Қазақстан Республикасының ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуына, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін айқындау бойынша оларға ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне мемлекеттік бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

19) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауға жататын тағам өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), жарату және жою процесстерінің (сатыларының) сәйкестігіне мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

20) тамақ өнімдерінің айналымы және өндіру (дайындау) процесстері (сатылары)  кезеңінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауға жататын тамақ өнiмдерінің қауіпсіздігіне мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

 21)  Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау тұрғысынан ішкі сауда объектілерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды жүргізеді.

         22) Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөпті және жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға ветеринариялық-санитариялық қорытынды, есепке алу нөмірлерін береді және олардың тізілімін жүргізеді;

     23) Тиісті аумақтағы жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша эпизоотиялық жағдайды және бар қауіптерді талдау нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органдар әзірлеген ветеринариялық профилактикалық және диагностикалық іс-шаралар жоспарларын келісуді жүзеге асырады;

     24) Аса жұқпалы аурулар ошақтарының сауықтырылуын, ауыл шаруашылық малдарының бірдейлендіру деректер базасының жүргізілуін және ветеринариялық алдын алу  (вакцинация, диагностика) іс-шараларының жүргізілуін қадағалау.

     25)  ОАИ мемлекеттік қызметшілерінің ақпараттық қауіпсіздігі бойынша техникалық құжаттама талаптарын орындау бойынша жұмыстарды жүргізеді;

     26) Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының стандарттары мен ережелерін сақтайды.

27) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттерді жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 19.10.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

20.10.2022 – 31.10.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Жалпы конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)555945