ҚР АШМ ВБжҚК Қостанай облыстық аумақтық инспекциясының Шекара маңы бекеттерін бақылау бөлімінің бас маманы: Жітіқара ауданы «Желқуар» бекеті – 2 бірлік және «Қондыбай» бекеті – 2 б., соның ішінде 1 б. (уақытша бала күту мерзіміне 18.09.2022 ж. дейін), Қарабалық ауданы «Қайрақ» бекетінде – 2 б., Ұзынкөл ауданы «Обаған» бекеті – 2 б. және «Ақбалшық» бекеті – 2 б.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті
Қостанай облысы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
- орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде; жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша; - тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру; орнын ауыстыратын (тасымалданатын) объектілерді әкелу, әкету және транзиті кезінде, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекарасының маңындағы аумақтағы шекарадағы автомобиль қатынасы шегінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды іске асыру. ҚР «Ветеринария туралы» Заңымен белгіленген басқа функцияларды жүзеге асырады. Бөлім басшысымен белгіленген басқа да міндеттерді орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 17.06.2020
- Қостанай қаласы, Набережная көшесі, 43 үй
-
8 (7142) 532-150