Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Құқықтық және құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы (бала күтіміне байланысты негізгі қызметкердің демалыс кезеңіне 12.07.2024 ж. дейін), санаты С-4, 1 бірлік, № 18-8-4.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті
Астана қаласы
186632
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (білім беру саласы)
- Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
- Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (білім беру саласы)
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (білім беру саласы)
- Ауыл шаруашылығы және биоресурстар (білім беру саласы)
- Білім (білім саласы)
- Құқық (білім саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
Қосымша талаптар
Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы, Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын, Стратегиялық құжаттарды білу, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.
Функционалды міндеттер
(блок С-4) Жоғары тұрған органдардың актілері мен тапсырмаларының, басшылықтың бұйрықтары мен тапсырмаларының уақтылы орындалуына Мониторинг жүргізу; бақылаудағы құжаттардың орындалу нәтижелері туралы жоғары тұрған басшылыққа тұрақты негізде ақпарат дайындау және ұсыну; Комитетте архив ісін жетілдіру жөніндегі әдістемелік және практикалық жұмысты ұйымдастыру; ведомстволық архивте құжаттарды одан әрі сақтау, есепке алу және пайдалану мақсатында оларды өңдеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; істер номенклатурасын қалыптастыру және уәкілетті органдармен келісу; құжаттау және құжаттаманы басқару бойынша нормативтік-әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысу; сақтауға және жоюға іріктеу мақсатында құжаттардың құндылығы бойынша сараптама комиссиясының жұмысына қатысу; мұрағат ісі және құжаттаманы басқару мәселелері бойынша семинарлар мен консультацияларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу; Комитет кеңестерін дайындауға және өткізуді ұйымдастыруға қатысу; негізгі қызмет бойынша бұйрықтарды тіркеу; кіріс хат-хабарларын өңдеу, тіркеу және есепке алу, басшылыққа тиесілігі және оның құрылымдық бөлімшелерде жедел өтуі бойынша құжаттарды жеткізу және тарату; Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен арыздарының, министрдің блогына келіп түсетін сұрау салулардың уақтылы қаралуына мониторинг жүргізу; жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ай сайынғы және тоқсан сайынғы есептілікті жасау; Министрліктің сайтында орналастыру үшін жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпаратты тоқсан сайын; Басқару мәселелері бойынша, Басқарманың құзыретіне кіретін басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
tashenov.b@minagri.gov.kz
- Ішкі конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу Астана қаласы, Мәнгілік ел, 8 үй, 13 подъезд. (Министрліктер үйі) мекенжайында өткізіледі.
-
87172-555-885