Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Сыртқы бақылау мен қадағалау басқармасының бас сарапшысы, санаты С-4, 1 бірлік, № 18-4-4
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті
Астана қаласы
241078
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Агрономия
- Биология
- Халықаралық қатынастар
- Аударма ісі
- Биотехнология
- Топырақтану және агрохимия
- Өсімдік қорғау және карантин
- Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
Қосымша талаптар
Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы, тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу, стратегиялық құжаттарды білу, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.
Функционалды міндеттер
(блок А-6) Карантиндік объектілердің ошақтарын тексеру, оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру және бақылау, химиялық өңдеулердің жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру, өсімдіктер карантині жөніндегі ақпаратты талдау; карантинге жатқызылған өнімнің импорты, экспорты, транзиті және мемлекетаралық орнын ауыстыру жөніндегі іс-шараларды бақылау; реттелетін салада нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу; кеден, шекара, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс - қимылды қамтамасыз ету; санитарлық және фитосанитарлық шараларды (ҚМС) қолдану жөніндегі ДСҰ-ның халықаралық стандарттарын, нормалары мен келісімдерін ескере отырып, өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету; өсімдіктер карантині саласындағы облыстық аумақтық инспекциялардың жұмыстарына жетекшілік ету; құжаттардың, оның ішінде Басқарма құзыретіне кіретін бақылау хаттарының, сондай-ақ Комитет басшылығының жазбаша және ауызша тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
tashenov.b@minagri.gov.kz
- Ішкі конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу Астана қаласы, Мәнгілік ел, 8 үй, 13 подъезд. (Министрліктер үйі) мекенжайында өткізіледі.
-
87172-555-885