Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Павлодар облыстық аумақтық инспекциясының Бухгалтерлік есеп және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы санаты С-О-4, 1 бірлік, 18-14.3-1.
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Павлодар облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі
Павлодар облысы
212061
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы, тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу, стратегиялық құжаттарды білу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласында заңнаманы және функционалдық міндеттерді атқару үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.
Функционалды міндеттер
(блок В-5) Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру және жалпы басшылық ету; бухгалтерлік есеп және қаржыландыру мәселелері бойынша қызметті жүзеге асырады; ҚР АШМ АӨК МИК облыстық, қалалық және аудандық аумақтық инспекциялардың қызметкерлерінің жалақысын есептеу және аудару; мемлекеттік қызметшілерге сыйлықақы төлеуді қолдану тәртібін өндеу; статистикалық есептерді, есептерді әзірлеу және ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетіне және басқа да мемлекеттік органдарға тапсыру; бюджеттік өтінімдерді, қаржыландыру жоспарын мен штаттық кестесін әзірлеу; банк құжаттардың рәсімделуіне, есебіне және өңделуіне бақылау жасайды; қаржыландыру жоспарын орындау процессінде туындайтын есептердің уақытылы жүргізілуіне бақылау жасайды; сенім хат пен есептердің есепке алынуын ұйымдастырады; түгендеудің нәтижелерін уақытылы және дұрыс анықтауды, есепте көрсетілуін жүзеге асырады; семинар – кеңестерді ұйымдастырады және өткізеді; мемлекеттік сатып алулардың жылдық жоспарын әзірлейді, бөлімнің жұмыс жасау жоспарын әзірлеу; инспекция активтерін есептен шығару бойынша қызметті жүзеге асырады; азаматтардың шағымдары мен арыздарын қарастыру; еңбекақы мәселесі бойынша азаматтарға кеңес беру. Комиссиялардың тәртіптік жауапкершілікке тарту, қаржылай көмек көрсету, еңбек өтілін орнату және басқа да комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру. Мемлекеттік сатып алулардың жылдық жоспардың әзірленуіне қатысу. Облыстық аумақтық инспекцияның бұйрықтарын тіркеу, кіріс және шығыс құжаттарының жүргізілуін және есебін бақылау. Инспекцияның жұмыс жасауы үшін қажетті ұйымдастыру-құқықтық құжаттамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру. Ұжымды басқару жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызметті өткеруді қамтамасыз ету. Бөлім басшылығымен анықталған басқа да құзіреттерді заңнамаға сәйкес жүзеге асыру. Бөлім мамандарының еңбек және орындаушылық тәртібін сақтауына жалпы бақылауды жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қолдану. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін іс-шараларды сақтау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
tashenov.b@minagri.gov.kz
- Ішкі конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу Павлодар қаласы, Едіге би көшесі, 71, мекенжайында қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.
-
(87172) 555-885