Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Шу аудандық аумақтық инспекциясының бас маман - мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторы

Мемлекеттік орган

ҚР АШМ ВБҚК «Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы» ММ

Аймақ

Жамбыл облысы

Санат

C-R-4 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

208 062

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Ветеринария
  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария

Қосымша талаптар

                                                                                                                                          

           Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес. «Қазақстан - 2050» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытының стратегиясын білуі Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді қамтиды, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы халықаралық және үкіметаралық келісімдерді білу, «Ветеринария туралы», «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары, «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі» Ветеринария саласын реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілері, Ветеринария саласын реттейтін Кеден одағы комиссиясының шешімін  білуі. Жеке компьютерде MS Word, MS Excel бағдарламалары бойынша, интернетпен, интранет-порталмен, «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесімен, басқа да электронды ақпараттық жүйелермен және электрондық почтамен жұмыс істей  алу.

Функционалды міндеттер

Аудан аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды жүзеге асыру. Өз құзыреті шегінде ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыруға және жүргізуге, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасының жүргізілуіне мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады. Жергілікті атқарушы органдардың және олардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерінің функцияларын орындауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады. Ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен берілген өкілеттіктер шегінде актiлер шығарады.  Әкімшілік бұзушылықтар туралы істерді қарастыруды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік айыппұлдар салу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сай басқа да құқықтарын жүзеге асыру;

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 27.09.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

28.09.2022 – 06.10.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

онлайн

Анықтама алу үшін байланыс

87172555945